Зарина Дияс Индиан-Уэллс турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Индиан-Уэллс турнирінің іріктеу сайысын жеңіспен бастады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Дүниежүзілік рейтингте 94-орында тұрған қазақстандық спортшы жартылай финалда әлемнің 134-ракеткасы, америкалық Варвара Лепченкомен кездесті.
1 сағат 33 минутқа созылған кездесуде Дияс қарсыласын 6:4, 7:5 есебімен жеңді.
Қазақстандық теннисші іріктеу сайысының финалында америкалық Николь Гиббспен негізгі турнирге берілер жолдаманы сарапқа салады.
Дереккөз: prosports.kz/kz