Зәкір Сафиуллин мен Теміртас Жүсіпов Болгарияда финалға өтті

Зәкір Сафиуллин бокстан Болгарияда өтіп жатқан «Странджа» турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды prosports.kz.
60 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасатын Зәкір Сафиуллин жартылай финалда өзбек боксшысы Шункор Абдурассуловты жеңді. Төрешілердің бағасы 4:1 .
Бұдан бөлек, 49 келіде өнер көрсететін Теміртас Жүсіпов те финалға шықты. Ол жартылай финалда аргентиналық Леандро Хосе Бланкодан басым түстін
Дереккөз: prosports.kz/kz