Зайцев: Чемпионатқа тас-түйін дайын барамыз

0

«Ақжайықтың» бас бапкері Сергей Зайцевтің «Слога» клубымен болған ойыннан кейін матчқа байланысты пікір білдірді.

— Бүгін өте қиын ойын болды. Дегенмен, ойын нәтижесі көңілге қуаныш ұялатады. Әсіресе ойын темпіне шыдас бергеніміз қуантты. Гол соғатын мүмкіндіктер көп болды. Бірақ бүгін алаңға жарақатынан күні кеше айыққан жігіттер шықты. Олардың ойнауға деген құлшынысы, небір қиындыққа төзе алған мінезі көңілімнен шықты. Бір сөзбен айтар болсақ, ойын ұнады. Алда екі кездесу бар, сол екі матч осы күнге дейін жасаған жаттығу жұмыстарымыздың үлкен сынағы болмақ. Егер ол ойындарды бүгінгіден мықтырақ өткізе алсақ, чемпионатқа тас-түйін дайын барамыз, — деді Сергей Зайцев.



Дереккөз: prosports.kz/kz