Владимир Газзаев: Әр ойыншының әлеуетін көрдім
«Тобыл» клубының бас бапкері Владимир Газзаев «Аквитал» командасына қарсы өткен жолдастық кездесу туралы пікір білдірді.
— Қазір Венгрия чемпионатында да үзіліс, соны есепке ала отырып, «Тобылдың» дайындығы туралы айтып өтсеңіз…
— Футболшылардың ұзақ демалыстан соң келді. Біз осымен бесінші күн ғана жаттығудамыз. Сондықтан дайындық туралы сөз қозғау әлі ерте.
Біз бүгін дайындықты бір пысықтап алатындай ойнадық. Біздің жігіттер әлдеқайда шебер, бұл әсіресе, бірінші таймда анық көрінді. Гол соғатын бірнеше мүмкіндіктер болды.
Мен үшін бұл ойын жігіттердің әлеуетін байқау болды. Оны байқай алдым. Сол үшін де біз бүгін барлығына ойнауға мүмкіндік бердік. Жасы да жасамысы да алаңға шықты. Біз дұрыс бағытта келе жатырмыз деп ойлаймын.
— Сіздіңше, қойылған стратегияны тексеру болды ғой?
— Бұл әдеткі бақылау ойыны. Түркияға келген алғашқы күннен бастап тексеруден өттік. Жігіттердің жеке жағдайларын бақыладық. Маусымға кешенді түрде дайындаламыз.
— Команданың негізгі құрамы мен ойын тактикасы құрылды ма?
— Команда былтыр әлдеқайда жақсы өнер көрсетті – үздік үштікке ілінді. Бұл қуанышты жағдай. Негізгі ойыншылар клубта қалды. Енді қазір команданы күшейуді ойластырып жатырмыз.
— «Аквиталға» қарсы ойын сіз күткендей болды ма?
— Тағы да айтамын, әзірге әлдебір нәтиже шығаруға ерте. дегенмен, тәжірибелі футболшылар мен жастардың аяқ алысы қуантады. Маңыздысы осы.