Видео. UFC файтері қарсыласын 38 секундта нокаутқа түсіріп, кейін өзі жарақаттанды
Лас-Вегаста өткен UFC 235 турнирінде тосын оқиға болды. Видеоны UFC Europe тwitter-дегі аккаунтында жариялады. Бұл туралы Sputniknews.kz жазды.
Бразилиялық Джонни Уокер сегізбұрышта канадалық Миша Циркуновпен кездесіп, оны тіземен теуіп, бар-жоғы 38 секундтың ішінде нокаутқа жіберді. Осыдан кейін Уокер жерге өзін-өзі тастай салып, жеңіске жеткенін ерекше атап өтті.
RT хабарлағандай, ол құлаған сәтте иығын қатты жарақаттап алған.
Джонни Уокер әлі бірде-бір рет жеңілмеген спортшы. UFC файтері қатарынан сегіз жекпе-жекте жеңіске жетті.
Назарларыңызға жекпе-жектің толық нұсқасын ұсынамыз. Кездесу бесінші минутта басталады.
Дереккөз: prosports.kz/kz