Велоктректен әлем чемпионатының екінші жарыс күні аяқталды

Польшаның Пружков қаласында велотректен әлем чемпионаты жалғасуда, деп хабарлайды ҰОК.
Чемпионаттың екінші жарыс күнінде кейрин мен скрэтчтен жеңімпаздар анықталды. Қазақстандық Роберт Гайнеев скрэтчте 15-орын иеленді.
Ал кейринде біздің спортшылар бірінші кезеңнен аса алған жоқ. Бұл сынға Қазақстан атынан Павел Воржев қатысқан болатын.
Әлем чемпионаты 3 наурызға дейін жалғасады. Қазақстан құрамасының үздігі Артем Захаров әлі жарыс жолына шыққан жоқ.
Дереккөз: prosports.kz/kz