«Вальядолид» матчын 40 млн жанкүйер тамашалаған

0

ÐÑ Ðей, getty images

Испания Ла лигасының 26-шы туры аясында өткен «Эспаньол» —  «Вальядолид» матчын қытайлық 40 млн жанкүйер тікелей эфирде тамашалаған, деп жазады prosports.kz.

Алаң иелері 3:1 есебімен жеңіске жеткен осы бір қатардағы қарапайым ойынның осынша көп адамды қызықтыруының өз себебі бар. Қысқы тарнсфер кезінде Қытай құрамасының шабуылшысы Ву Лей каталониялық клубға ауысқан болатын.

Отандастарының өнерін көру үшін 40 млн қытайлық телеэкранға телмірген. Ву Лей де жерлестерін жерге қаратпай бір гол соғып, көзге түсті.



Дереккөз: prosports.kz/kz