«Усикпен жекпе-жек көп нәрсеге көзімді». Гассиев Абель Санчеспен жаттығу жайлы

0
Алғашқы ауыр салмақта бұрынғы әлем чемпионы ресейлік Мурат Гассиев (26-1, 19 КО) украиналық Александр Усиктен (16-0, 12 КО) жеңілісінен кейінгі жағдайы мен Абель Санчестің бапкерлігі туралы айтып берді, — деп хабарлайды «Советский спорт».

Биыл шілдеде Мәскеуде Гассиев Бүкіл әлемдік бокс суперсериясының (WBSS) финалында Усиктен жеңілген болатын. Ал WBC, WBA (Super), WBO, IBF белбеулерін біріктірген Усик алғашқы ауыр салмақта абсолют чемпион атанды. Ресейлік үшін бұл карьерасындағы алғашқы жеңіліс болды. 

— Мурат, денсаулығыңыз қалай? Иық жарақаты мазаламай ма?
— Құдайға шүкір, күн өткен сайын қолым жақсарып келеді. Екі айдан кейін қалыпты жаттығуларға көшемін. 

— Қазір Ресейде жаттығып жүрсіз бе?
— Иә. Туған жерім — Владикавказда күніне екі рет жаттығамын. 

— Жекпе-жекке шығатын салмақтасыз ба?
— Аздап қосып қойдым. Бұл қалыпты, бірақ, өзімді ұстауға тырысамын. 

— Усикпен жекпе-жек туралы сұрақтар зеріктірмеді ме?
— Қалай десем? Бұл бәріне қызыты…

— Еске түсіру ауыр ма?
— Жағымсыз деген жөн. Бірақ бұл өмір. Болғаны болды. 

— Бұл жекпе-жекте ең басты жасай алмағаныңыз не болды?
— Бәрін шығар. Усик біздің салмақтағы ең мықты боксшы болып шықты. Бұл жекпе-жек көп нәрсеге көзімді ашты. Мұның алдындағыдан мың есе артық жаттығу қажет. 

— Сіздің бұрыштан үзіліс кезінде: «Мурик, жинал», «Қазір сені алып тастағаным керек пе?» және тағы осындай сөздер есітлді. Әлем чемпионына мұндай айту ыңғайсыздау. Бапкерлер штабына наразылығыңыз бар ма?
— Наразылық жоқ. Бапкер де адам. Ол эмоцияға берілді. Ол қателік жасағаны шығар, мен де жасадым. Қайталап айтайын бұл жекпе-жек көп дүниеге көзімді ашты. Алда мұндай болмайды деген үміттемін. 

— Абель Санчес физикалық тұрғыда жақсы жаттықтырады деген пікір бар, ал тактика жағынан қалай?
— Мен америкаға Санческе барғанша қалай жұдырықтасқаныммен кейінгілерін салыстыруға болады. Кім не десе де, мен ілгерлегенімді сездім. Тактика және физикалық тұрғыдан да үлкен қадам жасадым. Ол мен үшін әлемдегі ең мықты бапкер. 

— Жекпе-жектеріңізден кейін Усиктің карьерасына көз салдыңыз ба? Ол Тони Бельюді жеңді. 
— Иә, әрине. Бұл кездесу өте әсерлі болды. Барлығының көңілінен шықты деп ойлаймын. 

— Бельюден өзіңізге алуға болатын бірдеңе байқадыңыз ба? Қалай дегенмен жекпе-жектің алғашқы бөлігінде мықты жүрді.
— Иә. Ол басым болды. Бірақ біздің жұдырықтасу стильдеріміз өзге. Ол карьерасын аяқтағаны таңдандырды. Әйтпесе ол…

— Иә. Ол жекпе-жекке жақсы дайындалған. Нокаутты есептемегенде, басқа зиян көрмеді. Әлі де бірнеше тамаша жекпе-жек өткізе алатын еді. Ол соңғы сөзін айтпады. 

Дереккөз: http://kaz.vesti.kz/