«Үшінші рет жұдырықтасады». Оскар Де Ла Хойя Головкин

0
Қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) және мексикалық Сауль «Канело» Альварес (50-1-2, 34 КО) арасында үшінші жекпе-жек өтеді. Бұл туралы TMZ Sports басылымына берген сұхбатында Golden Boy Promotions басшысы Оскар Де Ла Хойя мәлімдеді. 

Боксшылар екі рет Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында жұдырықтасқан. Алғашқы жекпе-жек тең аяқталып, қарымтада Головкин төрешілер шешімімен жеңіліп, барлық белбеуінен айырылды.

Головкин және Альварес үшінші жекпе-жек уақытын белгілеп қойғанға ұқсайды

Де Ла Хойя GBP «Канело» үшін Лас-Вегастағы T-Mobile аренасын 4 мамырға жалдап қойғанын растады, алайда, әзірге қарсылас белгісіз. 

«Бұл туралы Головкинмен сөйлеспедім. Тіпті өкілдерімен де талқыламадық. Мен «Канелоның» рингке оралатын уақытын белгіледім, бары осы. Геннадиймен тағы жұдырықтаса ма? Иә, бірақ, біз қалаған уақытта ғана. Енді мұнда біз бұйырамыз. Сауль оны жеңді, сондықтан ендігі жекпе-жек біз айтқан уақытта ғана болады», — дейді Де Ла Хойя.

«Усикпен жекпе-жек көп нәрсеге көзімді ашты». Гассиев Абель Санчеспен жаттығу жайлы

Дереккөз: http://kaz.vesti.kz/