Үш нұсқа чемпионы «Канелодан» гөрі Головкинмен жұдырықтасу қиын болатынын айтады
«Мен олардың әрқайсын талқандаймын. Ештеңеге қарамастан жеңілмеймін. Жеңіске деген ерік-жігерім арқылы барлығын өзімнің пайдама жасаймын, — дейді Херд.
Сондай-ақ, америкалық боксшы алдағы жоспарларына тоқталды.
«Чарломен жұдырықтасқан соң орта салмаққа көтерілемін. Ал сосын кіммен жұдырықтасатынымды білесіздер ме? Иә, Джермалл Чарломен. Бұл алдағы уақытқа жақсы жоспар. Екі Чарломен жұдырықтасқан соң «Канело» Альвареспен кездесу өткізуге тамаша мүмкіндік болады. Ол да 154 фунт салмақта жұдырықтасқан болатын.
Бірақ, менің жұдырықтасу стиліммен «Канелоға» қарағанда Головкинмен жекпе-жек қиынырақ болады. (…) Физикалық тұрғыдан қарағанда Головкин «Канелоға» қарағанда мықтырақ. Дегенмен Головкинді жеңетінімді білемін. Эрисланди Лараны жеңген соң мені көп адам шақырып жатыр. Өзіме лайық құрметке бөленіп жатқан сияқтымын», — дейді Джарретт Херд.
Херд 1 желтоқсанда ұлыбританиялық Джейсон Уэлборнмен жұдырықтасады.