Ұлы Жібек жолының бағыты бойынша Алматыға тоқтадық

0

Халықаралық шаңғы спорт түрлері федерациясының өкілдері (FIS) Алматыда фристайл-могулдан әлем кубогы кезеңі қарсаңында баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

FIS рейс-директоры Конрад Ротермунд әлем кубогының финалдық кезеңін өткізу үшін «Шымбұлақ» таң-шаңғы курортының не себепті таңдалғанын түсіндірді. 

«Біз Алматыда тұңғыш рет әлем кубогы кезеңін өткізгелі отырмыз. Алдағы уақытта да осында кубоктық додаларды өткізу жоспарда бар. Маусымның соңғы жарысын өткізетін аймақты біз географиялық жағдайларға байланысты таңдаймыз. Биыл алтыншы кезең Жапонияда өтті де, Ұлы Жібек жолының бағыты бойынша Алматыға тоқтадық. 

Алматыда бірнеше ірі спорттық шаралар өткізілді. Оның ішінде, Универсиада мен Азия ойындары бар. Сондай-ақ, фристайл-могулдан жасақтаған командаларыңыз әлемдік сындарда сәтті өнер көрсетуде. Осылардың бәрін ескере келе, финалдық кезеңді сіздің елде өткізуді жөн санадық. Бұл үлкен жауапкершілік. Бір кезеңнің ғана емес, бүкіл маусымның қорытындысын шығарып, марапаттау рәсімін өткіземіз. Арнайы аталымдар бойынша табысталатын сыйлықтар да бар», — деді Ротермунд. 

«Шымбұлақта» шаңғы теуіп, демалыстарын өткізетін қонақтар да назардан тыс қалған жоқ. Бұл FIS ережелеріне қарсы емес.

«Курорт күнделікті режим бойынша жұмыс істей береді. Бұл қалыпты жағдай. Демалушылар кейін жарыс көрермені болып шыға келеді. Бұл біз үшін тиімді. Біздің талаптарымыздың бірі», — дейді шетелдік өкіл. 



Дереккөз: prosports.kz/kz