Ұлттар лигасы топтық кезеңдегі екінші орын үшін Қазақстан

Бүгін, 15 қарашада Қазақстан құрамасы УЕФА-ның жаңа турнирі — Ұлттар лигасындағы бесінші матчін өткізеді, — деп хабарлайды Vesti.kz.
Станимир Стойлов жаттықтыратын команданың қарсыласы Латвия құрамасы. Кездесу «Астана Аренада» жергілікті уақыт бойынша 21:00-де басталады. Ойынды QazSport арнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Трансляцияға сілтеме >>>
Еске салайық, Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасында Грузиядан 0:2 есебіменн ұтылып, кейін Андорра және Латвиямен тең ойнады — 1:1. Андоррамен келесі ойында ірі жеңіске жетті — 4.0.
Қазіргі таңда елдің басты командасы бес ұпаймен 1 топтың D дивизионында екінші орында. Алайда топта бірінші орынға шығып, Еуро-2020 жарысына жолдама үшін жарысты жалғастыру мүмкіндігі жоқ. Топта Грузия құрамасы мерзімінен бұрын жеңіске жетіп отыр. Үшінші орында Латвия және Андорра төртінші, екеуінде де екі ұпайдан.