УЕФА Серхио Рамосты екі ойынға шеттетті

«Реал» қорғаушысы Серхио Рамос еркін түрде «Аяксқа» (2:1) қарсы ойында сары қағаз алуы ойыншының екі ойынға шеттелуіне әкеліп соқты, деп хабарлайды Prsoports.kz сайты.
Осылайша, қорғаушы аталмыш клубқа қарсы қарымта матчқа қатыса алмайды.
«Реал» 1/4 финалына шықса да, Рамос алаңға шықпайды.
«Реал» мен «Аякс» арасындағы қарымта матч 5 наурызда өтеді.
Дереккөз: prosports.kz/kz