Тоқаев Элизабет Тұрсынбаеваны құттықтады
Тұрсынбаева тарихта ересектер арасындағы сайыста төрт айналымдық сальховты сәтті орындаған тұңғыш мәнерлеп сырғанаушы атанды
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаеваны әлем біріншілігінде күміс медаль алуымен құттықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
«Элизабет Тұрсынбаева мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Тарихта тұңғыш рет төрт айналымдық секіріс жасады. Жарайсың! Қазақ спорты жасай берсін!», — деп жазды Тоқаев твиттерде.
Айта кетсек, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Жапонияның Сайтама қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс медаль еншіледі.
Тұрсынбаева тарихта ересектер арасындағы сайыста төрт айналымдық сальховты сәтті орындаған тұңғыш мәнерлеп сырғанаушы атанды.
Тағы оқыңыз: Хиджаб киген тұңғыш мәнерлеп сырғанаушы: «мұз ханшайымы» Захра Лари – фото
Әлем біріншілігінің «алтыны» ресейлік Алина Загитоваға бұйырса, үшінші орынды Евгения Медведева иеленді.