Токио Олимпиадасы: тағы бір боксшымыз жеңіске жетті

0
1478

Бокстан Қазақстан командасының мүшесі Сәкен Бибосынов Токио Олимпиадасындағы бірінші жекпе-жегін сәтті өткізді деп хабарлайды Olympic.kz. 

52 келіде сынға түскен Сәкен бірінші айналымда Пуэрто-Рико өкілі Янкьель Ривера Фигероамен кездескен болатын.

Тартысты жекпе-жекте қазақстандық боксшы 4:1 есебімен қарсыласын тізе бүктірді.

Айта кетелік, бүгінге дейін Серік Теміржанов (57 келі) пен Зәкір Сафиуллин (63 келі) Токио ойындарындағы алғашқы жеңісін еншілеген болатын.