Токио-2020: Дзюдошы Ерлан Серікжанов қарсыласын жеңді

0

Токио Олимпиадасында дзюдо бойынша жарыстардың екінші күні басталды.

Қазақстандық дзюдошы Ерлан Серікжанов жарысты сәтті бастады, деп хабарлайды  Olympic.kz.

Бүгін, жарыстың екінші күнінде ерлер 66 келіге дейінгі, әйелдер 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтайды.

66 келіде Қазақстан сапынан татамиге шыққан Ерлан Серікжанов алғашқы кездесуінде қарсыласын жеңді. Әзірбайжандық Орхан Сафаровпен белдескен ол қосымша уақытта «вазари» ұпайын еншіледі.

Айта кетерлігі, Ерлан Серікжановтың келесі қарсыласы әлем чемпионатының күміс жүлдегері италиялық Мануэль Ломбардо болады.