«Тарихтағы алғашқы қазақ болғандықтан мойнымдағы жауапкершілік үлкен». Исмағұлов UFC-дегі жекпе-жек жайлы

0
Ресейдің Орынбор облысында туған этникалық қазақ Дамир Исмағұлов UFC-дегі алғашқы қарсыласына баға берді. 

Исмағұлов жаңа промоушендегі алғашқы жекпе-жегін 2 желтоқсан Аустралияда болатын UFC Fight Night 142 турнирінде өткізеді. Оның қарсыласы «Хитман» лақап атты жергілікті Алекс Горджес.

«Алекс Годжес -жақсы қарсылас, жеті рет жеңіп, бір жеңілісі бар. Қолымен соққы көп жасайды. Дегенмен Аустралияда грэпплинг пен джиу-джитсу жақсы дамығанын білемін, мен оған қарсы тұруға дайынмын. Бұл мен үшін де, ол үшін де мүмкіндік. Шегіну ойымда жоқ. UFC-ге шығатын тарихтағы жалғыз қазақпын. Сондықтан маған қазір тек Қазақстаннан ғанан емес, бүкіл Ресей мен әлем бойынша жазып жатыр. Аустралияға ұшып барып, маған жанкүйер болатындарын айтады. Бұл мен үшін үлкен жауапкершілік», — дейді Дамир RIA56.RU басылымына берегн сұхбатында.

Исмағулов дайындығы жайында және бұрын-соңды климатқа бейімделуді бастан өткермегенін айтады. Дамирмен бірге Аустралияға бапкері Игорь Фунтиков және бауыры Шыңғыс барады. Ол муайтай, боксшы және балуандармен жиын өткізгенін айтады. Дамир көбіне Орынбордағы «Боец» клубында жаттыққан. 

«Достар бұл әуежайдан UFC-ге ешкім ұшпапты дейді, Аустралияға ұшқан болар, бірақ, UFC-ге емес», — деп қалжыңдады спортшы сапары алдында. Барлықтарыңызға қолдау мен түсіністік үшін алғыс білдіремін. Бұл жекпе-жекте қолымнан келгеннің бәрін жасаймын. 

Бастапқыда Исмағұлов UFC-де Джозеф Даффимен жұдырықтасу керек болатын. Бұл файтер кезінде отандасы Конор МакГрегорды жеңгенімен белгілі. Алайда ол жарақатына байланысты шоуға қатысудан бас тартты.

Исмағұловтың UFC-мен келісімшартқа отырғаны қарашаның ортасында белгілі болған. Дамир бұл промоушенмен келісімшарт жасасқан екінші қазақ, мұның алдында Қытайда туған Жұмабек тұрсын осы ұйыммен келісімге келген.