«Қазақстанда бәрі сатылады! Федерация да!» деп айқайлаған волейболшы кешірім сұрады

0
1990
Сурет: https://prosports.kz/
Advertisement

Талдықорғанда волейболдан өткен әйелдер командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының бірінші турында спортшы ешкім күтпеген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.

Телеоператор тайм-аут кезінде «Жетісу» командасын түсіріп жатқанда капитан Алеся Сафронова камераға қарап тұрып «Қазақстанда бәрі сатылады! Федерация да!» деп айқайлады.

Арудың бұл сөздері назардан тыс қалмады. Артынша «Ертіс-Қазхроммен» болған ойынға Алеся қатыспады.  Сондай-ақ сол күні спортшы шеттетілгені туралы хабарлады. Бұл ақпаратты бас хатшысы Ермек Сырлыбаев та растады.

«Ұлттық лига шеберлерінің әйелдер командалары арасындағы волейболдан Қазақстан Республикасының ХХІХ Чемпионаты 1-турының негізгі төрешілер алқасы бұл эпизодты атқару комитетінің келесі отырысында қарастыруға, турдың соңына дейін Алеся Сафронованы шеттеуге шешім қабылдады», – деді ол.

Ал волейболшы асығыс жасалған мәлімдемесі үшін кешірім сұрады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от SPORTS.KZ (@kzsports)

«Әлбетте, қатты айтқаным үшін кешірім сұраймын. Матч өте тартысты өтті, ал камералардың артында көп нәрсе көрінбейді – қарсыластар бізді үнемі арандатып жатты. Өкінішке қарай, төрешілер мұны көрмейді… Мен ол жерде Қазақстан туралы емес − Федерация туралы айттым. Қазақстанды өте жақсы көремін, құрметтеймін, оған жастық шағымды арнадым – Қазақстан ұлттық құрамасы үшін жанымды бердім. Әлі де қазақ туы үшін күресемін», – дейді Сафронова.

 

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз