Тадич Чемпиондар Лигасында аптаның үздік ойыншысы болып танылды

0


Амстердам шабуылшысы Душан Тадич Чемпиондар Лигасында аптаның
үздік футболшысы атағына ие болды, деп жазды УЕФА баспасөз қызметі.

Сербиялық форвард Реал Мадридпен Чемпиондар Лигасының 1/8 финалында
өткен матчта гол соғып, екі нәтижелі пасының арқасында командасы
4:1 есебімен ұтты, өз алаңында 1:2 есебімен жеңілгеніне қарамастан
ширек финалға шықты.

Тадич «Тоттенхэм Хотспур» қақпашысы Уго Льорис, «Манчестер Юнайтед»,
форварды Ромело Лукаку және «Порту» футбол клубының шабуылшысы
Муссу Марегуден басып озды.

Естеріңізге сала кетейік, осы аптада Чемпиондар Лигасында келесі
кездесулер өтті: «Боруссия» (Дортмунд) - «Тоттенхэм» (0:1),
«Реал» - «Аякс» (1:4), «ПСЖ» - «Манчестер Юнайтед
» (1:3) және
«Порту» - «Рома» (3:1).
 
 



Дереккөз: prosports.kz/kz