Сыздықова «Иван Ярыгин» турнирінде қола медаль иеленді

0
182

Красноярск қаласында еркін және әйелдер күресінен «Иван Ярыгин» атындағы Гран-при турнирі аяқталды деп хабарлайды Olympic.kz.  Балуандар арасындағы рейтингілік дода Қазақстан құрамасы үшін бір медальмен аяқталды. 

76 келіде сынға түскен Эльмира Сыздықова қола медаль үшін күресте өзбекстандық Шахрибон Эллиевадан басым түсті.

Ал ерлер арасында бақ сынаған Асхат Слямханов (70 келі) пен Абзал Өкенов (57 келі) жүлдесіз қалды.

Айта кетелік, Ярыгин турниріне Қазақстан командасы толық құраммен қатысқан жоқ. Еліміздегі балуандардың басым көпшілігі Шымкентте өтетін ел чемпионатына дайындалуда.



prosports.kz