Станимир Стоилов Әзірбайжан құрамасын баптауы мүмкін

0

Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Станимир Стоилов өз мансабын тағы да құрама бапкері ретінде жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Әзірбайжандық Azerifootball.com сайтының жазуынша, болгариялық маман аталған елдің ұлттық құрамасының бас бапкері лауазымына басты үміткерлердің бірі.

Стоилов Қазақстанда ұзақ жылдар бойы жұмыс істеді. 2015/16 жылғы маусымда «Астана» бастап Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінде өнер көрсетті. Ол баптаған кезде елордалық клуб Қазақстан чемпионатында төрт мәрте топ жарды. Еуропа лигасының топтық кезеңінде де тұрақты өнер көрсетіп, бір мәрте плей-офф кезеңіне шықты.

51 жастағы маман 17 қаңтарда Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетті. Еліміздің бас командасын баптаған бір жылда нашар ойын көрсеткен жоқ. Алайда Ұлттар лигасы аясындағы сәтсіздік оның қызметінен кетуіне басты себеп болып отыр.



prosports.kz