Шымбергенов ирандық қарсыласын уақытынан бұрын жеңді (ВИДЕО)

Белградта өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақстандық Асланбек Шымбергенов екінші кезеңге жолдама алды деп хабарлайды Olympic.kz.
1/32 айналымда Асланбек ирандық боксшы Фархад Морадиге қарсы шыққан болатын. Жекпе-жек бар болғаны екі жарым минутқа созылды.
Бірінші раундтың аяқталуына 30 секунд қалғанда ирандық боксшының қабағы жарылып, дәрігерлер жекпе-жекті тоқтатты.
Жарыс ережесі бойынша, дәл осы кезде есепте алда тұрған боксшы келесі айналымға өтеді. Төрешілер 5:0 есебімен Шымбергеновті жеңімпаз деп таныған.
Асланбек Шымбергеновтің келесі қарсыласы — өзбекстандық Шахрам Гиясов.