Шотландия матчында сербиялық қазылар төрелік етеді

0
111

2020 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирі аясында өтетін Қазақстан мен Шотландия арасындағы кездесуде қызмет атқаратын төрешілер тобы белгілі болды.

Бас төреші міндетін Срджан Йованович атқарады. Оның қапталдағы көмекшілері – Урош Стойкович және Милан Михайлович. Қосалқы төреші – Новак Симович. Төрешілердің барлығы Сербия елінен.

Қазақстан мен Шотландия құрамалары арасындағы ойын 21 наурыз күні «Астана Арена» стадионында өтеді. Матч елорда уақытымен 21:00-де басталады.



Дереккөз: prosports.kz/kz