Шотландия матчында сербиялық қазылар төрелік етеді

2020 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирі аясында өтетін Қазақстан мен Шотландия арасындағы кездесуде қызмет атқаратын төрешілер тобы белгілі болды.
Бас төреші міндетін Срджан Йованович атқарады. Оның қапталдағы көмекшілері — Урош Стойкович және Милан Михайлович. Қосалқы төреші — Новак Симович. Төрешілердің барлығы Сербия елінен.
Қазақстан мен Шотландия құрамалары арасындағы ойын 21 наурыз күні «Астана Арена» стадионында өтеді. Матч елорда уақытымен 21:00-де басталады.
Дереккөз: prosports.kz/kz