Шетелдік сарапшы Жүкембаевқа салмақ аауыстырудың қаупін айтты » Vesti.kz

0
Канадалық кәсіпқой бокс сарапшысы Шон Смит Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Батыр Жүкембаевқа (14-0, 12 КО) салмақ ауыстырудың қажет жоғын айтады. 

Мұның алдында алғашқы орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой Батыр Жүкембаев (14-0, 12 КО) жартылай орта дивизионға өтуі мүмкін екені хабарланған. Бұл салмақта Олимпиада чемпионы — Данияр Елеусінов (5-0, 3 КО) жұдырықтасатын айта кетейік. Ал бұл дивизиондағы чемпиондық белбеулер америкалық Шон Портер (WBC), Кит Турман (WBA Super), Эррол Спенс (IBF) және Теренс Кроуфордта (WBO).

Қазақстандық нокаутшы Батыр Жүкембаев басқа дивизионға ауысады

«Жүкембаевқа басқа салмаққа ауысудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Оған осы дивизионда ыңғайлы және қазір өзіңді қолайлы дивизионда өзін көрсетіп алған жөн.

Бір-екі жылда жаңа салмаққа өтуге болады, алайда, қазір емес. Бұл үлкен қауіп. Мұның есесі болмйды. Қазіргі таңда оған америкалық нарыққа шығып алу қажет. Мұнда Жүкембаевтың карьерасы жаңа деңгейге көтеріледі», — деп атап өтті Смит. 

Мұның алдында Жүкембаев пен Eye Of Tiger Managment промоутерлік компаниясының басшысы Камиль Эстефан арасында араздық пайда болғаны хабарланған еді. Дегенмен екі арадағы келісімшарт әлі күшінде.

27 жастағы Жүкембаев 2015 жылдан бері кәсіпқой рингте және барлық жекпе-жегін Канадада өткізді.

Дереккөз: http://kaz.vesti.kz/