Шаңғымен тұғырдан секіруден қазақстандықтар әлем чемпионатында іріктеуден өте алмады
Австрияның Зеефельд қаласында өтіп жатқан шаңғы спорт түрлерінен әлем чемпионатында шаңғымен тұғырдан секіруден әйелдер арасындағы жекелей сын бәсекелері аяқталды деп жазады Olympic.kz.
«Қанатты» шаңғышылар сынында олимпиада чемпионы, норвегиялық Марен Лундбю ешкімге дес бермеді. Күміс жүлдені германиялық Катарина Альтхаус иеленсе, қола медальді австриялық Даниела Ирашко-Штольц жеңіп алды.
Қазақстан сапынан Вероника Шишкина 35-ші орыннан көрінді. Ал Алина Тухтаева, Валентина Сдержникова мен Даяна Пеха іріктеуден өткен жоқ.
Дереккөз: prosports.kz/kz