«Шахтер» косоволық жартылай қорғаушымен толықты

0

Қарағандылық «Шахтер» жартылай қорғаушы Доньет Шкодраны қатарына қосты, деп хабарлайды Prosports.kz.

29 жастағы косоволық футболшы клубпен бір жылдық келісімшартқа отырды. Ол өткен маусымды албаниялық «Кукесиде» өткізген.

Шкодра бұған дейін бельгиялық «Вильсбеке», «Синт-Никлас», «Ронсе», «Эндрахт Алст» және «Дейнзе», сондай-ақ, албаниялық «Флямуртари» мен «Скендербеуде» өнер көрсетті.



Дереккөз: prosports.kz/kz