«Шахтер» еуропалық тәжірибесі бар жаңа ойыншы алды » Vesti.kz
25 жастағы ойыншымен келісімшарт мерзімі бір жыл.
Футболшы соңғы рет оралдық «Ақжайық» сапында ойнаған. Команда 2018 жылғы маусым қорытындысы бойынша Қазақстан премьер-лигасынан шығып қалды. Бұл команда үшін ойыншы 28 матчке қатысып, бес нәтижелі пас берді және үш гол салды.
Сонымен қатар, Нұрғалиев семейлік «Спартак», павлодарлық «Ертіс», шығыс қазақстандық «Алтай», көкшетаулық «Окжетпес» және болгариялық «Верея» сапында ойнаған.
Қазақстанның жастар құрамасын U-17 және U-19 сапында болды. 2009 жылғы Қазақстан президенті кубогы турнирінде жастар құрамасының капитаны болды.
Сонымен қатар, «Шахтер» қорғаушы Антон Чичулинмен де 2019 жылдың соңына дейін келісішарт жасасты.
Чичулин өткен маусымда қарағандылық клуб үшін 14 матч өткізіп, бір гол салып, екі рет сары қағаз алды. Оның жалпы ойын уақыты 1 084 минут.