Серхио Агуэро хет-триктер саны бойынша рекордты қайталады

«Манчестер Ситидің» аргентиналық шабуылшысы Серхио Агуэро Англия чемпионатының 26-турында «Челси» қақпасына үш гол соқты.
Осылайша, Агуэро Премьер-лигадағы 11-ші хет-тригін жасап, бұл көрсеткіш бойынша рекордсмен Алан Ширерге жетті.
Айта кетейік, аргентиналық шабуылшы осы маусымда АПЛ-де үшінші рет хет-трик жасап отыр.
Дереккөз: prosports.kz/kz