Сергей Зайцев «Гомельге» қарсы матч жайлы пікірін айтты

0

Оралда дарынды жастардың өсіп келе жатқаны қуантады. Түркияда екінші оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан «Ақжайықтың» бас бапкері, украиналық маман Сергей Зайцев осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Гомель» (Беларусь) командасымен өткен жолдастық кездесуден кейін пікірін білдірген маман жастардың жақсы ойын өрнегін көрсеткеніне тоқталды.

«Жастар бұрын Қазақстан біріншілігінің екінші лигасында ойнаса, бүгін Беларусьтің премьер-лигасында өнер көрсететін клубқа қарсы тұрды. Соған қарамастан, көбірек қорғанғанымен, керек кезінде шабуылға шығып отырды. Ойын соңында бір жарым минутта «Ақжайықтың» қақпасына соғылған екі гол матч тағдырын шешіп кетті. Дегенмен оралдық жастар тынбай жаттыға берсе, шеберліктерінің арта түсетінін көрсетті», — деді С. Зайцев.



Дереккөз: prosports.kz/kz