Сейдахмет Италияға көше ме? «Уфа» бас директоры еуропалық клубтармен келіссөздер жайлы айтты

0
«Уфа» бас директоры Шамиль Газизов еуропалық командалар тарапынан клубта өнер көрсетіп жүрген жас футболшыларға қызығушылық танытып отырғандары жайлы мәлімдеді. 

«Уфа» сапында 18 жастағы Қазақстан құрамасының шабуылшысы Еркебұлан Сейдахмет өнер көрсетуде. Осы маусымда ол Ресей премьер лигасының бір ғана ойынына қатысты. 

«Абыройлы клбутар Дивеевке қызығушылық танытып отыр. Бізде басқа да жас футболшылар бар. Мысалы, Қазақстан құрамасының жас шабуылшысы Еркебұлан Сейдахмет ойыншы ретінде ғана емес өз елінде ол жұлдыз. Әзірге РПЛ-да өз өнерін көрсете алмай жүр. Есімдерін айтпай-ақ қояйын, алайда нақты екі футболшының италиялық командаларға ауысуы туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр. 

Қыста біздің командадан төрт ойыншы кетуі мүмкін. Ресейліктер де, өзге мемлекеттен келгендер де бар. Басқа елден келген ойыншылармен жұмыс істегім келеді. Ресейлікті сатқаннан гөрі, еуропалық ойыншыны Еуропаға сатқан оңай», — деді Газизов «Футбол России» бағдарламасының эфирінде. 

Осыған дейін Сейдахметке алматылық «Қайрат» қызығушылық танытып отырғаны туралы айтылған. Келіссөз құны миллион еуроға бағаланды. 

Наурызда жас сұрмерген Қазақстан құрамасы сапында бірінші рет өнер көрсетті. «Тараз» клубының ойыншысы ұлттық құрама сапында алты ойын өткізіп, екі гол салды.