Сарапшы Головкин – Брант арасындағы ықтимал жекпе-жек жайлы ойын айтты

0

Worldboxingnews.net сайтының сарапшысы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен америкалық Роб Брант арасында болуы мүмкін жекпе-жек жайлы пікірін білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

28 жастағы Брант – орта салмақтаWBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы.

«Головкин Канеломен үшінші кездесу алдында титулды жекпе-жек ала ала ма? Жоқ. Себебі, қазір ең қол жетімді чемпион Роб Брант қана. Оның үстіне, Брант ESPN мен Top Rank-та өнер көрсетеді. Ол Головкиннің «мәзірінде» бола қоймас», — деп жазды портал.



Дереккөз: prosports.kz/kz