Сапарбай Айдаров қарсыласын нокаутпен жеңді

Қазақстандық боксшы Сапарбай Айдаров екінші жекпе-жегін мерзімнен бұрын аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Африканың Аккра қаласында өткен төрт раундтық жекпе-жекте қарсыласы Стивен Окинді нокаутпен жеңді.
Айта кетейік, бұл Сапарбайдың кәсіби бокстағы екінші кездесуі. Ол екеуінде де мерзімнен бұрын жеңіске жетіп отыр.
Дереккөз: prosports.kz/kz