Сәкен Мұсайбеков ҚР мәдениет және спорт вице-министрі лауазымынан босатылды

0
116

Бүгін, 29 қаңтарда Сәкен Жүнісбекұлы Мұсайбеков ҚР мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚР Премьер-Министрінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Сәкен Жүнісбекұлы Мұсайбеков берілген өтінішіне сәйкес ҚР мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылды», – делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, Сәкен Жүнісбекұлы Мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне 2015 жылы сәуір айында тағайындалған болатын.



prosports.kz