Садриддин Ахмедовтің жекпе-жегін қайдан көреміз

0

Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедовтің жекпе-жегін Qazsport арнасы тікелей эфирден көрсетеді, деп жазады Prosports.kz сайты.

Жастар арасында әлем чемпионы Садриддин Ахмедов 27 қаңтар күні Канаданың Монреал қаласында 20 жасар мексикалық Абрахам Хуареспен жұдырықтасады. Ол 12 жекпе-жегінің біреуінде ғана жеңіліс тапқан. Жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған. 

Қос боксшы жастар арасындағы WBC чемпиондық белбеуін сарапқа салады. 

Жекпе-жекті 27 қаңтар күні таңғы сағат 08:00-де Qazsport арнасынан көре аласыз.

Айта кетейік, Садриддин Ахмедов 14 желтоқсан күні өткен соңғы кездесуінде мексикалық қарсыласы Элиуд Мелендес Рочуды 82 секундта нокаутқа жіберген болатын.

 



prosports.kz