Садриддин Ахмедов әлемдік рейтингте жоғарылады

Орта салмақтағы WBC «жастар» чемпионы, жеңіліп көрмеген қазақстандық Садриддин Ахмедов(7-0, 7 КО) BoxRec рейтингісінде жоғарлады, – деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Жерлесіміз Канадада өткен бокс кешінде өнер көрсетіп, мексикалық Абрахам «Питбуль» Хуаресті (13-1-0, 5 КО) 4 раундта нокаутқа жіберген болатын.
Осы жеңісінен соң 86-орынға жайғасқан Садриддин бірден 52-орынға көтерілді.
Дереккөз: prosports.kz/kz