Сабля мен шпагадан әйелдер арасындағы Гран-при кезеңі мәресіне жетті

Шпага мен саблядан әйелдер арасындағы әлемдік Гран-при кезеңі қазақстандық спортшылар үшін сәтсіз аяқталды.
Венгрияның Будапешт қаласы шпагашылар додасын қабылдаған болатын. Бұл сында бақ сынаған Ульяна Балаганская 134-ші, Әсел Әлібекова 218-ші орыннан көрінді.
Турнирде 259 спортшы жүлдеге таласқанын айта кеткен жөн.
Ал Грекия астанасы Афиныда сабляшы қыздар арасындағы Гран-при бәсекесі аяқталып, қазақстандық Татьяна Приходько 60-шы орынға табан тіреді.
Жарысқа жалпы есебі 199 спортшы қатысқан.
Дереккөз: prosports.kz/kz