Рудосельский «Оқжетпес» ойыншысы атанды

«Қайраттың» бұрынғы ойыншысы Тимур Рудосельский көкшетаулық клуб сапына қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Келісімшарт бір жылға есептелген. «Оқжетпестен» ұсыныс түскесін, Қазақстанға қайта оралдым. Андрей Карповичтің арқасында әрі қарай дами түсемін деген ойдамын», — деді Рудосельский Prosports.kz порталына берген сұқбатында.

24 жастағы «Қайраттың» тәрбиеленушісі соңғы жарты жылда Израильдің «Хапоэль» клубында өнер көрсетті.