Роналду мен Месси үстемдігі аяқталғандықтан «Алтын доптың» кміге табысталатыны айтылды
Оның мәліметінше, бйыл жылдың үздік футболшысы Антуан Гризман болады. Өткен маусымда ол мадридтік «Атлетикомен» Еуропа лигасын ұтып, Франция құрамасы сапында әлем чемпионы атанған.
Әлемде ең көп жалақы алатын 10 футболшы
«Инсайдерлер «Алтын доп» Гризманға табысталатынын айтады. Жарайды, көрейік», — дейді журналист.
27 жастағы Гризман Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) нұсқасы бойынша жыл футболшысы номинациясының үштігіне енбей қалған еді. Бұл сыйды мадридтік «Реалдың» және Хорватия құрамасының жартылай қорғаушысы Лука Модрич иеленген.
Айта кетейік, каталониялық «Барселона» шабуылшысы Лионель Месси және туриндік «Ювентус» форварды Криштиану Роналду «Алтын доп» сыйлығына үміткерлер үштігіне кірмеген. Бұған бір себеп Месси мен Роналдудың әлем чемпионатында көзге түспеуі.
Еске салайық, Роналду мен Месси соңғы он жылда «Алтын допты» кезектесіп алып келген — бес-бестен. Оларға дейін бұл сыйлықты 2007 жылы бразилиялық Кака алған.