Роналду Мадридке аттап басқысы келмейді » Vesti.kz

Туриндік «Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду «Ривер Плейт» және «Бока Хуниорс» арасындағы Либертадорес кубогы үшін финалдық матчқа қатысудан бас тартты. Ойын Мадридте өтеді, — деп хабарлайды AS.
Басылым ақпаратынша, португалиялық «Реалдан» кеткелі Испанияға баруға дайын емес. Мадридтік клуб пен Роналду арасындағы қатынас футболшының «Ювентусқа» ауысқандықтан суып кеткен. Футболшы матчқа осы себепті келгісі келмейді екен.
9 желтоқсанда өтетін ойынды тамашалуға «Барселона» шабуылшысы Лионель Месси келеді деп күтілуде.
Бастапқыда «Ривер Плейт» — «Бока Хуниорс» арасындағы ойын 24 қарашада өту керек еді, алайда, жанкүйерлердің қонақтар автобусына шабуылынан кейін шегерілді. Бұл оқиғада бірнеше футболшы жарақат алған. Алғашқы ойын тең аяқталған еді — 2:2.
Либертадорес кубогы — Оңтүстік Американың басты клубтық турнирі. «Бока Хуниорс» пен «Ривер Плейта» ойыны бақталастыққа айналып кеткендіктен «суперклассико» аталып жүр.