Родерик Миллер «Оқжетпес» сапына қосылуы мүмкін.

Панама құрамасының қорғаушысы Родерик Миллер көкшетаулық «Оқжетпес» сапында қаралымнан өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Футболшы Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында қаралымнан өтуде.
«Өте жоғары класты ойыншы. Қазақстандық клуб деңгейін көтереді деген ойдамын», — деді футболшының өкілі Сослан Касабиев.
26 жастағы Миллер Мексика және Колумбия чемпонатындарында өнер көрсеткен.
Родерик Панама құрамасы сапында 27 матч өткізіп, 1 гол соққан.