Ресейлік жеңіл атлеттерді жарыстан шеттету 10-шы рет ұзартылды

0

Халықаралық жеңіл атлетика федерациясының қауымдастығы (IAAF) ресейлік спортшыларды халықаралық жарыстардан алып тастау туралы шешімін тағы да ұзартты, деп хабарлайды ВВС-ге сілтеме жасаған ҚазАқпарат.

IAAF бүкілресейлік жеңіл атлетика федерациясының дисквалификациясы мерзімін ұзартты.

Айта кетсек, БЖАФ-ының IAAF-ге мүшелігі 2015 жылдың қараша айында тоқтатылған болатын.

Дисквалификация ресейлік тарап IAAF құрған мүшелікті қалпына келтіру талаптарының  барлығын орындағанға дейін өз күшінде болады. IAAF осымен оныншы рет БЖАФ мүшелігін қалпына келтіруден бас тартты.

IAAF-қа мүшелік 2015 жылдың қараша айында Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің тәуелсіз комиссиясы Ресейде допингті пайдалану және жасыру үшін мемлекеттік қолдау жүйесі анықталған баяндамасы жарияланғаннан кейін тоқтатылды. Осының салдарынан ресейлік жеңіл атлеттер Рио-де-Жанейрода өткен олимпиада ойындарына қатысудан шеттетілді. 



Дереккөз: prosports.kz/kz