Қыздар құрамасы ширек финалдан сырт қалды

0

Австрияның Зеефельд қаласындағы әлем чемпионатында әйелдер арасындағы спринт бәсекесінің іріктеу сыны аяқталды. Өкінішке қарай, қазақстандық спортшылар келесі айналымға өткен жоқ, деп Prosports.kz сайты ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қыздар арасындағы сынға алғашында 113 спортшы қатысады деп күтілген. Кейін Моңғолияның үш өкілі жарыстан бас тартып, 110 шаңғышының арасынан алғашқы отыздыққа ілінген спортшылар ширек финалға өтті. 

Қазақстан сапынан Эльмира Мутагарова 61-ші, Анна Шевченко 62-ші, Ирина Быкова 64-ші орын иеленді. Валерия Тюленова 70-ші сатыда. 

Іріктеу айналымынан соң швециялық Майе Далквист алда келеді. Екінші орында Надин Фендрих (Швейцария), үшінші орында Ханна Фальк (Швеция).



Дереккөз: prosports.kz/kz