Қуат Хамитов әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді

0

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Қуат «Найман» Хамитовтың кезекті жекпе-жегінде әлем чемпионы атағына таласады.

Аралас жекпе-жекте ел намысын қорғайтын Қуат «Найман» Хамитов кезекті жекпе-жегін 26 сәуір күні Fight Nights Global тұжырымының кезекті турнирінде өткізеді. Отандасымыз Fight Nights Global тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін әзірбайжандық Нариман Аббасовпен (23-3-0) жекпе-жек өткізеді. Мәскеу қаласында өтетін жекпе-жек кешінде қос спортшы жеңіл салмақта (70 келі) сынға түседі.



Дереккөз: prosports.kz/kz