Қазір Мбаппенің трансфері туралы айтатын уақыт емес

«Реал Мадридтің» бас бапкері Зинедин Зидан командаға шабуылшы Килиан Мбаппені сатып алу туралы пікірін айтты.
«Мбаппемен қуана-қуана жұмыс істер едім. Бірақ мен Перестен оны сатып алу туралы сұраған жоқпын. Қазір ол туралы айтатын уақыт емес. Менің қазіргі жұмысым – бізде қалған 11 матчта жеңіске жету», — деді Зидан.
Айта кетейік, француз маманы былтыр «Реалдың» бас бапкері қызметінен кетіп, биыл Сантьяго Соларидің орнына қайтып келген болатын.
Дереккөз: prosports.kz/kz