«Қазақтарға оңай болмайды». Красножанның Ұлттар лигасындағы Қазақстан

0
Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Юрий Красножан арнайы «Букмекерлер рейтингі» үшін Ұлттар лигасы топтық кезеңіндегі Латвиямен матчке болжамын айтты. 

Ойын бүгін, 15 қараша «Астана Аренада» өтеді. Басталуы жергілікті уақытпен 21:00-де. 

«Есепті айта алмаймын, бірақ, Қазақстан құрамасы ұтады деген ойдамын. Ригадағы матчті көрдім, Қазақстанның ойыны мазмұнды және жеңіске жақын болды. 

Латвия құрамасы қайта сайланып жатыр және тұрақты жақсы нәтиже үшін оған уақыт қажет. Бірақ қазақтар үшін ойын оңай болмайды», – деп есептейді Красножан. 

Еске салайық, Красножан Қазақстан құрамасын 2014 жылдан жаттықтырған. Елдің басты командасы бұл бапкермен 2016 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңін өткізген. 2015 жылы желтоқсанда маманмен келісімшарт ұзартылмады. 

«Караван» газетінің мәліметінше, екі жылда Красножан 5,5 миллион доллар табыс көрген.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз