Қазақстанның Ұлттар лигасындағы Латвиямен матчта ойнайтын құрамы жарияланды

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Станимир Стойлов Ұлттар лигасындағы Латвиямен матчта ойнайтын басты команданың құрамын жариялады.
Алғашқы минуттарда Қазақстан құрамасы сапынан алаңға шығатындар:
Ненад Эрич (В) — Гафуржан Сүйімбаев, Сергей Малый, Юрий Логвиненко, Абзал Бейсебеков, Георгий Жуков, Бауыржан Исламхан, Серікжан Мужиков, Бактиер Зайнутдинов, Роман Муртазаев, Бауыржан Тұрысбек.
Резерв: Владимир Плотников (В), Дмитро Непогодов (В) — Дмитрий Мирошниченко, Александр Марочкин, Темірлан Ерланов, Исламбек Қуат, Еркебұлан Тұңғышбаев, Думан Нарзилдаев, Максим Федин, Юрий Перцух, Оралхан Оміртаев, Алексей Щеткин.
Еске салайық, Қазақстан — Латвия матчі бүгін, 15 қараша «Астана Арена» стадионында өтеді. Басталуы жергілікті уақытпен 21:00-де.