Қазақстандық жеңіл атлет 2020 жылғы Олимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндік алды

0

Георгий Шейко 2020 жылғы Олимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндік беретін нормативті орындап, лицензияға ие болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Жапонияның Номи қаласындағы спорттық жүрістен Азия чемпионатында 20 шақырымдық жарыста қазақстандық Георгий Шейко күміс жүлдеге ие болды.

Шейко аталмыш қашықтықты 1 сағат 20 минут 21 секундта жүріп өтіп, сайыста тек жапониялық Тошиказа Яманишиге ғана есе жіберді. 



Дереккөз: prosports.kz/kz