Қазақстандық спортшы қыздың видеосы желі қолданушыларын таңғалдырды – видео

0
1779
Фото olympic.kz
Татьяна Ахметова Аманжол күрес түрлерінен Азия іріктеу турнирінің финалына шығып, әйелдер күресінен 53 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Токиода өтетін Олимпиада жолдамасын жеңіп алды. Желіде оның жеңісінен кейін түсірілген видео тарады.
Қазақстандық балуан жартылай финалда Оңтүстік Корея спортшысымен күресті. Ким Хен Чжумен өткен кездесу 11:1 есебімен аяқталып, Татьяна Ахметова Аманжол финалға жолдама алды.
Спортшының жеңісінен кейін түсірілген видео Vesti.kz-те жарияланды, кейін ол әлеуметтік желілерге тарап кетті.
 

Татьяна Ахметова Аманжол 2015 жылы Чебоксарыдағы ашық Ресей кубогында өткен жекпе-жек кезінде сол аяғын жарақаттап алған. Кейін оған ота жасалды. Спортшының айтуынша, 10 сәуірінде өткен Азия чемпионатындағы жекпе-жекте ескі жарақаты қайта сезілген.

Желіде тараған видеодан кешегі іріктеу турнирінен кейін спортшының қатты ақсаңдап қалғанын байқауға болады. Желідегі қазақстандықтарды оның күш-жігері таңдандырып, «батыр қыз» атады.

Олар мұндай спортшыны мақтан тұту қажет екенін жазған.

1$, 5$, 10$ ... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету