Қазақстандық нокаутшы Жүкембаевтың промоутермен қарым-қатынасы бұзылды » Vesti.kz

0
Алғашқы орта салмқта жұдырықтасатын қазқстандық Батыр Жүкембаев (14-0, 12 КО) пен промоутері арасында келіспеушілік туды. Бұл туралы қазақстандықтың ісін жүргізетін Eye of the Tiger Management компаниясының президенті Камиль Эстефан мәлімдеді. 

Оның сөзінше, олардың арасындағы қатынастың нашарлағанынна бірнеше ай болған. 

«Біз үнемі жанкүйерлерге керегін беруге тырысамыз. Қиындықтан қорықпаймыз. Әрине өміріміз қиындай түседі, алайда, бұл жекпе-жекті өткіземіз деген ойдамын», — дейді ол TVA Sports арнасын берген сұхбатында.

Бұл біздің философияға жат (өз боксшыларымызды бір-бірімен жұдырықтастыру). Бұл жағдайда бір боксшы біздің отбасымыздан, ал екіншісі — енді бізден емес. Бірақ бізде келісімшарт бар, біз оны сыйлаймыз». 

Жүкембаев соңғы рет 6 қазан Квебекте жұдырықтасып, Патрисио Мореноны (20-3, 14 КО) нокаутпен жеңген. Жүкембаев 14 жекпе-жекте жеңіске жеткен, оның 12-сі нокаутпен. Қазақстандық 2014 жылдан бері барлық жекпе-жегін Канадада өткізген. Жүкембаевтың келесі жекпе-жегі 28 қарашада, қарсыласы әзірге белгісіз.